Таңғы уақытта балабақша медбикесі Зарықбаева Ақбота Зарықайқызы жоспарлы медициналық күнделікті тексеру жүргізеді. Күнделікті тексеру барысында барлық топтардағы балалар толық қамтылып, олардың жалпы денсаулық жағдайы бақылаудан өткізіледі. Әрбір баланың сыртқы келбеті, тері жабындарының тазалығы, көңіл-күйі мен белсенділігі бағаланады. Дене қызуы өлшенеді, тыныс алу жағдайы мен жалпы хал-ахуалы тексеріледі.
Балалар арасында жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында жөтел, мұрыннан су ағу, тамақтың қызаруы, әлсіздік сияқты ауру белгілері анықталады. Ауру белгілері бар балалар уақытылы оқшауланады және тиісті шаралар қабылданады. Қажет болған жағдайда тәрбиешілерге ескертіледі және ата-аналарға хабар беріледі.