Ата-аналарға арналған балабақша
ЕРЕЖЕСІ
- Балабақша аптасына 5 күн сағат 7.00 бастап 19.00 сағатқа дейін жұмыс істейді. Сенбі, жексенбі және мемлекеттік мереке күндері демалыс күндері болып есептеледі.
- Балаларды күнделікті қабылдау уақыты сағ.7.00-8.00- ге дейін.
- Балабақшаға кіргенде міндетті түрде бахила кию керек немесе аяқ киімді шешу қажет.
- «Амандасу»инабаттылық пен әдепке қатысты қатынас нормасы екенін ұмытпайық.
- Педагог, тәрбиешілерді жас ерекшелігіне қарамай Сіз және аты, әкесінің тегімен атау керек.
- Егерде сіз балаңызды қандай да бір күн тәртібі кезінде алып келсеңіз (алдын ала тәрбиешіні ескерткен жағдайда), баланы шешіндіріп, қабылдау бөлмесінде үзіліске дейін баламен бірге тосыңыз.
- Ата-аналар балаларын тәрбиешінің қолына тапсыру керек. Тәрбиешіні ескертусіз, сенімхатсыз, сондай-ақ 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге, мас тұлғаларға, баланы балабақшадан алып кетуге болмайды.
- Сіздерден, баланың қалтасында ұсақ, үшкір және кіретін заттардың болмауын қадағалауды сұраймыз.
- Балаңызға өзімен бірге балабақшаға сағыз, кәмпит, ойыншық әкелуге рұқсат бермеуіңізді сұраймыз.
- Балаларға топтарда: бір-бірін ұруға, ренжітуге, басқа балалардың жеке заттарын алуға болмайды.
- Даулы және шиеленіскен жағдайларды балалар жоқ кезде шешу керек.
- Барлық шешілмеген немесе сіздерді толғандыратын сұрақтар бойынша балабақша директорына жолығуыңызға болады.
- Бала балабақшаға 3 күн келмесе дәрігердің анықтамасымен келу керек, егер де ұзақ уақыт болмаса немесе жазғы демалыстан оралған жағдайда баланың денсаулығы туралы анықтама болу керек.
- Бала денсаулығына немесе отбасы жағдайына байланысты баланы демалысқа шығарарда міндетті түрде балабақша директорына жолығып, баланың демалысқа шығуы жайында өтініш жазу керек.
- Бала денсаулығы немесе басқа бір дәлелді себептерге байланысты балабақшаға келе алмаса, міндетті түрде балабақшаға хабарлап, ескертіңіз.
